Қостанай облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры Орал Бекмағамбетов өткізген брифингте осылай мәлімдеді.
Мұның өзі алдыңғы жылға қарағанда азайғаны деу керек. 2016 жылы 350 ата-ана екпенің керек еместігін айтқан екен. Әсіресе, 2 және 5 жастағы балалары бар 143 ата-ана осы медициналық шараға қарсылығын білдірген. 60 ата-ана 1 жасқа дейінгі, 72 ата-ана 1-2 жасар сәбиіне, 42 ата-ана 6-15 жастағы балаларына екпе жасату керек емес деп біледі. Әсіресе, мұндай ата-аналар негізінен Жітіқара мен Таран аудандары мен Арқалық, Қостанай, Лисаков қалаларында көп екенін байқалған.
Жалған діни сенім, вакцинаның сапасына, тиімділігіне сенімділік көрсетпеу, оны зиян деп білу және 2-3 балалары бар ата-аналардың «екпе жасатпасақ та бала ауырған жоқ» деген сөзін желеу ететіндер екпеден бас тартудың негізгі себептері болып табылады.
Нәзира Жәрімбет
«Егемен Қазақстан»
Қостанай